11.10.2022, 17:15
Оқылды: 23

Халқына жақын әкім

Долин ауылдық округі - Долин, Шөптікөл, Қоныссай және Төңкеріс ауылдарының басын біріктірген әкімшілік бірлік.  

IMG-20221011-WA0031

Ежелден ел жайлаған, тарихы бай жер. Біздің округ аумағында, Тақсай маңында Алтын ханшайым табылған. Шөптікөл бағзыдан мал бабына қарай көшкен қазақтарға жайлау қоныс болған. Долин ауылын негізін сонау Украинадан жерұйық іздеп келген қоныстанушылар қалапты дейді. Төңкеріс – тың игерушілер ауылы. Осылай әр бұрышында өткеннің ізі сайрап жатқан округ халқының  өзіндік мінез-құлқы бар. «Адам аласы - ішінде» демей ме, әр адамның тілін табу оңай емес. 

Долин ауылдық округінің әкімі Талғат Манатауов - сол «оңай емес» қызметті атқарып жүрген азамат. Ауылдағы жол мен судан бастап, жоғалған мал, шығарылмай жатқан көң, науқас адамды емдеуге жіберу сияқты үлкенді-кішілі шаруаның бәрінің басы-қасында өзі жүреді. Жерлестеріне жанашырлық танытып, әр іске жауапкершілікпен қарайтын Талғат Бисенғалиұлын ауылдастарым сыйлайды. 

Әр нәрсеге байыппен қарап, байсалды мінезінен таймайтын ауыл әкімі бір қарағанда еш асықпайтын адамдай көрінеді. Дегенмен қажет кезде шұғыл шешім қабылдауға қабілетті азамат. Үлкенді-кішілі арыз-шағымдарын айта барып, сауалдарына жауап алып қайтқан тұрғындар біздің әкім арқылы «Халықты еститін үкімет» жұмыс жасайтынына көз жеткізіп жүр. 

Талғат Бисенғалиұлының көмегі бізге, округтегі мәдениет ошағына жиі қажет болады. Бұқаралық шаралар, мемлекеттік мерекелерге орай бағдарламалар әзірлесек, байқау-жарысқа баратын болсақ, көлікпен, ақыл-кеңеспен болысады. Өз қызметін тек әкімшілік басқару деп емес, халыққа қызмет ету деп түсінетін әкім Талғат Манатауовқа ауыл тұрғындарын рухани байыту, мәдениет пен ағарту ісін қолдаудағы көмегі үшін алғыс айтамыз.

Илан Тналиева,

Долин ауылдық

 кітапханасының менгерушісі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале