12.10.2022, 21:08
Оқылды: 68

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында фестиваль өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық ерікті мүгедектер қоғамы, мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық айлығы шеңберінде мүгедектігі бар балалар арасында облыстық шығармашылық фестивальдің аудандық кезеңі өтті.

IMG_1584 - копия

 «Балалар жылы» аясында өткен байқауда алдымен Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі мың бұралған биімен шараның шымылдығын ашты. Сынға түскен сымбатты бүлдіршіндер ән айту, көркем сөз оқу және би билеу секілді өнерлерін ортаға салды.

Сонымен қатар көрермендер мен әділ қазылар алқасы талантты өрендердің өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан көрме тамашалады. Сайыс 6 жастан 18 жас аралығында мүгедектер арасында өтті.

Фестивальге эстрадалық вокал жанры бойынша Айша Сағындық, Нұрмира Бақтығали, көркем сөз жанры бойынша Асылайым Жақсыбай, Ақбота Сағындық, Фарида Рафхат, Аманжол Жасболат, Есет Серік, Аман Елеусін, Гүлназ Жұматай, Жұбаныш Нәсіпқали қатысты.

Көрме жанры бойынша Ернар Елеусін, Әмина Жұмағали, Аяулым Сәрсенбай, Айару Орынбаева, Жанарыс Жақия, Дәулет Жолды, хареография жанры бойынша Інжу Мұстахап, Аманжан Баймурзин, Айкөркем Тастемір, Дәулет Жолды қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқаудың қорытындысын газеттің жаңа санынан оқи аласыздар.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале