13.10.2022, 12:16
Оқылды: 73

Әрқайсысына — 400 мың теңгеден

Қайырымдылық айлығы аясында «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігі Түркияда ем алып жатқан көрші Шыңғырлау ауданының тумасы Нұрхат Қалдыбайға, мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігінің ІІІ сатысы диагнозы қойылып, қазан айының 31-і күні Мәскеу қаласына ота жасатуға ұшқалы отырған Тоғанас ауылының тумасы Назгүл Зайнуллинаға және гиршпрунгпен ауыратын, Ресей, Түркия мемлекеттерінде ем алуға мұқтаж алғабастық кішкентай періште Ернар Нұрболатұлының әрқайсысының шотына 400000 (төрт жүз мың) теңгеден аударды. 

InShot_20221013_091132430

Айта кетейік, игілікті іс тындыруға «Нұр шуағы»  қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып, аудандық мекемелерді бір күндік жалақысын аударуға шақырған болатын. Қомақты қаржының 1000000 теңгесі — аудандық демалыс орталығының «Сырым сазы» фольклорлық ансамблінің қайырымдылық концертінен түскен қаржы, 104000 теңгесі аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, 53000 теңгесі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір күндік жалақысы.

InShot_20221013_091205708

Қайырымды іске ауылдық округтер мен дербес бөлімдер де атсалысты. Жаратқан денсаулықпен сынаған жандарға көмек көрсету үшін жұмылған барша мекеме, бөлімдерге мың алғыс!

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале