13.10.2022, 15:06
Оқылды: 36

Азия өңірінің тарихи тәжірибесі жаңа әлемдік тәртіпті құрудың берік негізі бола алады - Тоқаев

Азия өңірінің тарихи тәжірибесі жаңа тұрақты және инклюзивті әлемдік тәртіпті құрудың берік негізі бола алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК саммитінің ашылуы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221013104928199e

«Бірнеше мыңжылдықтар бойы біздің макроөңір мемлекеттер бүкіл адамзаттың әлеуметтік, мәдени, технологиялық прогресінің негізгі қозғаушы күші болды. Осынау орасан зор тарихи тәжірибе егемендік теңдік, бейбіт қатар өмір сүру және әділеттілік қағидаттарына негізделген жаңа тұрақты және инклюзивті әлемдік тәртіпті құрудың берік негізі бола алады», - деді Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде.

Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Айта кетейік, осы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде еліміздің төраға ретіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале