13.10.2022, 15:16
Оқылды: 40

Қазақстанға жалған доллар мен евро кіргізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Қызылорда, Алматы және Өскеменде Қазақстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарынан тұратын қылмыстық топ мүшелері құрықталды.

221013111703495e

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰҚК және прокуратура органдары бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда, Алматы және Өскемен қалаларында Қазақстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарынан тұратын қылмыстық топ мүшелері құрықталды.

Тергеу барысында олардың аса үлкен көлемде жоғары сапасымен ерекшеленетін жалған АҚШ долларын және евроны Қазақстан аумағына әкелуге және өткізуге қатысы барлығы дәлелденді.

2210131122368566g

Валюта Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жасырылған күйде жөнелтіліп отырған.

Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен топ басшылары мен мүшелері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғандары және оған қатысқандары, сонымен қатар жалған ақшаны өткізгендері үшін кінәлі деп танылды.

«Кінәлі азаматтар 9 жылдан бастап 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді. Қолданылған шаралар еліміздің экономикалық әлеуетіне келтіретін залалды жоюға және қылмыстық ахуалды жақсартуға тиімді әсер етті»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале