13.10.2022, 16:16
Оқылды: 49

ОСК президенттікке үш кандидатты тіркемеді

ОСК Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиевті, қандастар қауымдастығының кандидаты Хайрулла Ғабжалиловты және "Практикалық психология" ҮЕҰ кандидаты Фатима Бизақованы тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
 IMG-20221013-WA0011
Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың талаптарға сай келмейтінін хабарлады.

Хайрулла Ғабжалилов тумысынан Қазақстан азаматы емес және мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.

Президенттікке ұсынылу үшін кемінде бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі болуы керек. Талғат Ерғалиевтің үш жарым жылдық тәжірибесі бар.

Фатима Бизақованың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.

12 қазанда "Мұқамас" қауымдастығы сот арқылы Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын жарамсыз деп тануды талап етті.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале