14.10.2022, 11:45
Оқылды: 49

Биыл Қазақстан халқы 163 мың адамға көбейді

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 666,8 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар –12 131,1 мың (61, 7%), ауылдықтар – 7 535,7 мың адам (38,3%). 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8%-ға өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

220901224339897e

Республика халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда (178,9 мың адам) 3,6%-ға төмендеп, 172,4 мың адамды құрады. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 13,19 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғықаңтар-тамыз аралығында 263,8 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11%-ға аз (296,5 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 20,19 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандардың саны – 91,4 мың, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 22,3%-ға аз (2021 ж. – 117,6 мың адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-тамызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2208 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2 345 шетінеген нәресте) көрсеткіш 5,8%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімініңкоэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,37 оқиғаны құрады.

Еске салсақ, биылғы1 шілдеге дейін еліміздегі халық саны 19 246,3 мың адамды құраған еді. Ал тамыз айында Қазақстан халқының саны 19 644 067 адам болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале