14.10.2022, 12:01
Оқылды: 81

Бірқатар әлеуметтік нысан ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Республика күніне орай мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылмақ. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұханғалиев шаралар туралы айтып берді.

25kazan (1)

-Күні кеше өңірдегі барлық мектептің оқушылары «Қыран елім – Қазақстаным!» атты бірыңғай диктант жазды. Сонымен қатар Республика күні қайырымдылық айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еріктілер мен қоғамдық ұйымдар қайырымдылық акцияларыларын өткізеді. Мерекеге орай жаппай экологиялық акциялар да жүзеге асырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері патриоттық челлендждер өкізбек. Мұнымен қоса, мереке қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысанның ашылуы жоспарланып отыр, - деді өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қуанышбек Жанболатұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале