Бүгін Қаратөбе ауданы орталығындағы «Астана» саябағына Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінің 1981 жылғы орыс класының түлектері жеміс ағаштарын отырғызды.
Ауданға белгілі ұстаздар Сайынғали Ғұбайдуллин мен Айман Бахытованың ұлы Ержан Ғұбайдуллиннің айтуынша, саябаққа 35 түп алма ағашы, 10 түп өрік ағашы, 10 түп қара өрік ағашы отырғызылған.
Кезінде ауданға басшылық жасаған Тобанияз Табылдиевтің ұлы, Орал қаласының тұрғыны, дәрігер Асқар Табылдиев: «Республика күні қарсаңында қасиетті Қаратөбе жерінің гүлденуіне өзіндік үлесімізді қосу мақсатында жеміс ағаштарын отырғызуды жөн көрдік", - дейді.
Түлектердің жеміс ағаштарын отырғызу жұмыстарына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев бастаған мәдениет саласының қызметкерлері атсалысты.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы,
zhaikpress.kz