17.10.2022, 10:30
Оқылды: 139

Айкөркем – чемпион!

Қазанның 12-сінде Испанияның Понтеведре қаласында кадеттер мен жастар арасындағы грэпплингтен әлем чемпионатының жалауы желбіреді. 24 елдің балуандары бақ сынасатын жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Аталмыш додада ел құрамасы да өнер көрсетіп жатыр. Әлемнің үздік жас грэпплерлері жиылған бәсекеде ұлттық құрама сапындағы облыс спортшылары бірінен соң бірі қоржынға жүлде салуда.

 311345190_5505072466196872_7289264737868121487_n

Испания төрінде атой салған оралдық балуандар үш күміс, бір қола, бір алтын медаль еншілеп, құрама тарихында алғаш рет екі күндік қорытынды бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Алдымен 18-20 жас аралығындағы спортшы қыздар сапында өнер көрсеткен Назерке Тельманова (71 келі) қола медальға ие болса, 16-17 жастағы ұлдар белдесуінде Даниил Вахтинов (69 келі) күміспен күптелді. Одан бөлек, 92 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Мұхит Ерлан күміс жүлдегер атанды.

18-20 жастағы балуандар бәсекесінде қыздар арасында сынға түскен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенті Айкөркем Ихсанованың (90 келі) қарқыны мықты болды. Чемпионаттың алғашқы күні грэпплингтен алтын еншілеген Айкөркем грэпплинг ги, яғни кимономен белдескен қыздар арасында да тамаша өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды.

– Шәкірттерімнің барлығы жақсы жаттыққанын дәлелдеді. Алда әлі талай дода бар. Ол бәсекелерде де намысты қолдан бермеуге тырысамыз, – дейді грэпплингтен облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Алмаз Ихсанов.

 Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале