Салада көрсетілген қызметтер көлемінің 97,3% шағын кәсіпорындарға (102,4 млрд теңге) және жеке кәсіпкерлерге (30,5 млрд теңге) тиесілі болған.
«Орта және ірі кәсіпорындарға тиісінше 1,6 млрд және 2,1 млрд теңге ғана қажет болды. Қызметтер құрылымында жарнама агенттіктерінің қызметіне 112,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,9% аз. Нарық конъюнктурасын және қоғамдық пікірді зерттеу саласындағы қызметтер көлемі 19,7 млрд теңге болды. Бұл былтырғыдан 2,4 есе көп. БАҚ-та жарнама жариялауға 4,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл былтырғы жарты жылдықтан 27,6% артық. Жылдың алғашқы алты айында жарнама қызметі мен нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы орташа айлық 258,7 мың теңге болды. Бұл жалпы республикадағы орташа жалақыдан аз (298,6 мың теңге)», - делінген сараптамада.