18.10.2022, 14:30
Оқылды: 73

Суға кеткен ауылдардағы үйлердің құрылысы қазан айының соңында аяқталады

Бұл туралы БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев хабарлады.

d0e41abf986f31aee3b3d8db29f040ff_1280x720 (1)
«ORDA» Телеграм каналында 16 қазан күні «БҚО-дағы суға кеткен ауылдардың тұрғындары әлі сарайда тұрып жатыр» деген бағытта ақпарат шыққан болатын.
Осы мәселеге қатысты БҚО құрылыс басқармасынан ақпарат сұратқан едік.
«Бүгінгі күні Жақсыбай және Шалғын ауылдарындағы 30 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің тікелей бақылауында. Бүгінде мердігер компания өз міндетіне кірісті»,- деді құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев.

a49e73176dca19b0b06cac3c09fa1c73_1280x720
Айта кетейік, көктемде су тасқынынан Қаратөбе ауданындағы Шалғын және Жәнібек ауданындағы Жақсыбай ауылында үйлерді су басқан болатын.
«Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. 30 үйдің құрылыс жоспары бекітіліп, «Қазақстан халқына» қорының демеуімен салынып жатыр. Ол үшін қор 771 936,0 теңге қаржылай қолдау білдірді. Шалғын ауылындағы 23 үйдің 21-нің, Жақсыбай ауылындағы 7 үйдің 5-інің шатыры жабылды. Шалғын ауылындағы үй құрылысы 70 пайызға аяқталып тұр. Бүгінде ішінара ішкі әрлеу жұмыстары басталды. Екі ауылдағы құрылыс жұмыстарын қазан айының соңында тапсыру көзделіп отыр»,- деді құрылыс басқармасының бастығы Әлібек Антазиев.
Құрылыс басқармасы бүгінде ауылдағы мектептің құрылысы 30 пайызға аяқталғанын атап өтті. Толық жұмыстар желтоқсан айының аяғына дейін бітеді деп жоспарланып отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале