Қаңтар-шілде аралығында Қазақстан нарығында 440,8 млн литр сыра сатылған. Бұл 2021 жылдың аяғындағы көрсеткіштен көрсеткіштен 5,1% аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Energyprom.kz жазуынша, қаңтар-тамыз айларында сыра өндірісінің көлемі былтырғыдан 5,2% кеміп, 481,4 млн литр болған.
«Кейінгі 6 жылда сыра өндірісінің көлемі үздіксіз өсіп келген болатын. Қазақстандық сыра қайнатушылар қаңтар-тамыз айларында ішкі нарық пен экспорттың сұранысын 91%-ға қамтамасыз еткен. Яғни, өндіріс көлемі 6% қысқарып, 409 млн литр болған. Ал импорт көлемі керісінше 3,4% өсіп, 40,5 млн литрге жетті. Қаңтар-шілдеде сыра экспорты 12,7% қысқарып, 8,7 млн литр болды. Ішкі нарықта сату көлемі 5,1% кеміп, 440,8 млн литрге дейін қысқарды», - деп жазылған сараптамада.
Өндірістің қысқаруы сыра бағасының рекордтық көрсеткішке жетуіне түрткі болған.
«Жыл басынан бері сыра бір жылда 21,2% қымбаттап, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Ал 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 22,4% қымбаттаған. Өңірлер арасында сыраның бағасы жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында (30%), Астанада (29,2%) және Түркістан облысында (28,9%) айтарлықтай өсті. Өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда бағаның ең елеулі өсуі Астана қаласы (32,5%) мен Шығыс Қазақстан (31,7%), Түркістан (29,1%) облыстарында тіркелді», - деп жазады Energyprom.kz.
Фото: image.arrivalguides.com