19.10.2022, 15:31
Оқылды: 53

Бисендіктерге интернет қолжетімді болмақ

Бәрімізге мәлім, әр жиналыс сайын Бисен ауылдық округ тұрғындары интернет және ұялы байланыстың нашарлығын мәселе ғып көтеретін еді. Бүгінгі таңда ұялы байланыс әлі толық шешімін  таппаса да, интернет қолжетімді болды деуге негіз бар. Бұл турасында «Қазақтелеком» АҚ аудандық сату учаскесі агенттігінің басшысы Арбек Аманғалиевке жолығып, толыққанды мәлімет алған едік.

12

Фото дереккөзі: baq.kz

̶  Республика күні қарсаңында Бисен ауылы тұрғындары үшін көптен күткен, жоғары жылдамдықты кеңжолақты интернет желісіне қосылу мүмкіндігі пайда болды. Интернет желісі радиокөпір (радиомост) арқылы жүзеге асады. Ал интернет жылдамдығы 12Мб/с -ті құрайды. Сонымен қатар бисендіктер Kazakhtelecom TV+ жаңа қызмет түрі арқылы 150 отандық және шетелдік телеарналарды көруге техникалық мұмкіндіктері бар. Күні бүгінге интернет қосуға 80 жуық азамат өтініш білдіріп, алғашқы отыз абонентке жоғары жылдамдықты интернет қосылды. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының сұранысы толықтай қанағаттандырылатын болады, ̶ деді Арбек Аманғалиев.

Сонымен қатар учаскесі агенттігінің басшысының айтуынша, аталмыш радиокөпір арқылы аудан орталығында салынған жаңа ипотекалық үйлерге де жоғары жылдамдықты интернет тарту жоспарлануда екен.

Ал Бөкей ордасы ауданы бойынша, нақты айтқанда Хан ордасы, Мұратсай ауылдары «Megaline» интернет қызметтерін пайдаланса, Бөрлі, Саралжын және Ұялы ауылдары сымсыз LTE 4G интернетінің қызығын көруде.

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале