19.10.2022, 18:01
Оқылды: 52

Егер сотталушы ауыр сырқат болғанда жазасын өтеу кейінге қалдырылуы мүмкін

Елімізде сотталушы ауыр сырқат болғанда жазаны өтеу кейінге қалдыруы мүмкін. Қазақстан заңнамасына енгізілетін мұндай түзетуді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 18

«Ішкі істер министрлігі Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бас прокуратурамен, Жоғарғы сотпен және өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасы Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Заңға алты бағыт бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді», - деді ол Мәжілісте аталған заң жобасын таныстыра келе.

Оның атап өтуінше, ең алдымен сотталған адам ауыр сырқаттанған кезде жазаны өтеуді кейінге қалдыру ұсынылады.

«Қылмыстық кодекстің 75-бабында сот бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарған кезде ауыр сырқаты бар сотталғандарға жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға мүмкіндік беретін норманы көздеу ұсынылады. Қолданыстағы заңнамамен сот сотталған адамның ҚАЖ мекемесінде болған кезеңінде жазаны өтеуден босатуды немесе оны неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруды ғана қолдануы мүмкін. Қазіргі уақытта жазасын өтеуден босату үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесіне жататын аурулары бар сотталғандар сот залынан бас бостандығынан айыру орындарына жіберіледі. Ұсынылып отырған түзету қабылданған жағдайда соттар соттау процесінде сотталушыда ауыр науқасы болған кезде жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдану мүмкіндігіне ие болады. Бұл сотталғандарға азаматтық медициналық мекемелерде уақтылы емделуге мүмкіндік береді», - деді Марат Қожаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале