Тасқаладағы «Сәулет» мектеп-лицейінің базасында «Республика күнінің тарихы және маңыздылығы» атты аудандық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға аудандық білім беру ұйымдарының тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конференцияның мақсаты - Республика күнінің ұлттық мереке ретінде қалыптасуы және оның тарихи маңыздылығын көрсету, саралау. Конференция мына үш бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Республика күнінің тарихи маңызы»,«Қазақстан тарихының өткені және бүгіні», «Қазақстанның болашағындағы білімнің реформалары».
1-ші бөлім бойынша Атамекен МББК тарих пәнінің мұғалімі Армат Кондудаев, "Сәулет" МЛ-ның тарих пәнінің мұғалімі Аякөз Мұстафина, Достық МББК тарих пәнінің мұғалімі Алмагуль Аубакова, 2-ші бөлім бойынша Амангелді МББК тарих пәнінің мұғалімі Жанна Ислямгалиева, 3-ші бөлім бойынша Алтынсарин атындағы ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Самат Ахметов, Бірлік НМ тарих пәнінің мұғалімі Ғалым Сағынов, Сәтбаев атындағы ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Исатай Байдушев баяндамаларын жасады.
Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Л.Д.Габбасова конференцияға қатысушыларға сертификат табыс етті.
Тасқала ауданы