20.10.2022, 9:04
Оқылды: 22

Отбасындағы жанжалдың 80% ішімдікпен байланысты - депутат

Елімізде болатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 80 пайызы ішімдік ішудің салдарынан туындап жатады. Аталған деректі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Зәкиева келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

220729173250781e

«Жақында біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайын талқылап, аталған мәселені екі бағытта қарастырдық. Бірінші бағыт - отбасылық саясатты іске асыру. Яғни өмірде түрлі қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша біртұтас жүйе құру. Біз мәселе туындататын себептермен жұмыс істеуіміз керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық себептерінің бірі – оң шешімін таппаған әлеуметтік проблемалар. Оның ішінде балаларға да қатысты. Балаларға қатысты қылмыстардың 70% жақын адамдары тарапынан, яғни үйде жасалады», - деді Динара Зәкиева Астанада өткен отбасылық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған құқықтық форум барысында.

Оның айтуынша, отбасындағы жанжалдың 80% алкоголь тұтыну салдарынан туындайды.

«Бұл мәселені шешу кешенді тәсілді және ең алдымен, отбасымен жұмысты талап етеді», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Ішкі істер министрлігі отбасылық зорлық-зомбылықпен күреске тик-токерлер мен блогерлерді тарту идеясын ұсынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале