20.10.2022, 10:40
Оқылды: 24

Табыстың тайқазанын қайнатамын, Еңбегіммен елімді жайнатамын!

Тасқала ауданында астық дақылдарын жинау жұмыстары толықтай аяқталды. Соның ішінде күздік бидайдан 2335 гектар жиналса,  астықтың түсімі 4630 тоннаны құрап отыр. 14,73 мың гектар жаздық дәнді дақылдар егіліп, орташа түсім 15,4 центнерді құраған. 17,02 мың гектарға егілген майлы дақылдардан 2,0 мың гектар мақсары (сафлор), орташа өнімділігі 7,0 центнер әр гектардан түскен өнім 1400 тонна болса, күнбағыс 4,50 мың гектар жиналған. Картоп, көкөніс және бақша егістерін жинау жұмыстары жалғасуда. 

3   

Биыл 17,02 мың гектар майлы дақылдар, 8,25 мың гектар мал азығы егілген. Соның ішінде біржылдық судан шөбі  2,45 мың гектар, көпжылдық шөптер 1,87 мың гектар, сүрлемеге арналған жүгері (сорго суданская трава на сислос) 0,37 мың гектарды құрайды.

Көктемде аудандағы  450  жанұяның қатысуымен 42 гектар ұжымдық бақша егіліп, 175 центнер картоптан 735 тонна картоп жиналған. 2022 жылға жоспарланған 127,9 мың тонна шөптің бүгінгі күні 6,5 цен/га орташа түсіммен 138,1 мың тоннасы дайын тұр. «Жиналып тұрған  шөп 2022-2023 жылдардың мал қыстағына толықтай жететіні анық» дейді мамандар. Сонымен  қатар  1,6 мың тонна сабан (солома) дайындалған.

– 2022 жылы аудан бойынша  барлық егіс көлемі 42,7 мың гектарды құрады. 2023 жылы 44,1 мың гектарға ұлғаймақ. Аудан диқандары күздік далалық жұмыстарды бастап кетті. Алдағы жылы  6,0 мың гектар күздік бидаймен күздік қара бидай (рожь) егу жоспарлануда. Бүгінгі күні 6,0 мың гектар жерге егілді. Бұдан басқа 19,0 мың гектар күздік жер жырту жұмыстары жоспарланып,  12,3 мың гектар жер дайын. Сондай-ақ келер жылы егіс жұмыстарына ұйымдастыруға 2415 тонна дәнді дақылдар, 158 тонна майлы дақылдар және 45 тонна екпелі шөптердің тұқымы дайындалуы қажет. Бүгінгі күні 1363 тонна дәнді дақылдардың тұқымы дайын. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда, – дейді  Тасқала аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Хамит Омаров.

Гүлжамал Кенжеғалиева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале