21.10.2022, 11:31
Оқылды: 183

Шарықта, «Сәулет»!

Жуырда Тасқала ауданының іргелі білім ошақтарының бірі «Сәулет» мектеп-лицейінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті. Биылғы жылы еліміздің үздік жүздігіне енген білім ордасын мерейтойымен құттықтауға ардагер ұстаздар, алтын ұя мектептеріне деген сағынышын басуға келген әр жылдардағы мектеп түлектері жиналды.

11

Мектептен 20 жыл ішінде 375 түлек түлеп ұшқан. Олардың ішінде 73 «Алтын белгі», 24 «Үздік аттестат» иегері бар. Сол түлектер қазіргі кезде еліміздің бас қалаларында, облысымызда және ауданымызда, тіпті шет елдерде жемісті еңбек етуде.

10

Мерейтой алдымен мектеп қабырғасында өткен «Түлектер форумынан» бастау алды. Форумға аудан әкімінің орынбасары Талғат Асқарұлы, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Нұрболатқызы, ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, мектеп ұжымы және оқушылар қатысты. Форум алдында ата-аналардың және мектеп ұстаздарының қолдауымен құрылған өлкетану мұражайы салтанатты түрде ашылды.

13

Форум қорытындысында мектеп түлектерінің қауымдастығы құрылып, төрағасы сайланды. Форумнан соң аудандық мәдениет үйінде мерекелік ән-шашумен жалғасын тапты.

14

Игі шарада оқушылар хорымен бастау алып, ортаға мектептің алғашқы басшысы Бақтығүл Жұмажанұлы шықты. Бүгінгі мектептің салтанаты мен сәулетті көрінісі – Бақтығұл Жұмажанұлының ерен еңбегінің арқасы екені сөзсіз. «Сәулет» мектеп-лицейінің тұсауын кесіп, баптап, бәйгеге қосқан да – Бақтығұл Жұмажанұлы. Бүгінгі мектептің салтанаты мен сәулетті көрінісі – Бақтығұл Жұмажанұлының ерен еңбегінің арқасы. 10 жыл бойы басшылық қызметте істесе де, ол ең алдымен тамаша ұстаз болып қала берді. Оның ұстаздық іске, әсіресе, математикалық терең білімі, математика іліміне деген сүйіспеншілігі, математикаға деген шәкіртінің ықыласын оята білуі – оның ұстаздық тұлғасын айшықтайтын қасиеттер. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екенің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Мектептің алғашқы күнінен оқушыларға өмірлік жолдама берген, Досымғали Қабдешұлы, Роза Ізімқызы, Мақсот Сүндетқалиұлы, Жайсанбек Ибатұлы сынды ұстаздардың мектеп үшін орындары ерекше. Шара барысында «Сәулет» мектеп-лицейінің мектеп директоры Аққаным Талапқызы ортаға шығып барша ұжымды осы бір ерекше мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп алғашқы мектептің қабырғасын қалап ерен еңбектері үшін ардагер ұстаздарды, мектепте жылдар бойы еңбек етіп жатқан ұжым мүшелеріне алғысын білдіріп, сыйлықтарын табыстады. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакиров барша жиналған меймандарды мерейлі мерекемен құттықтап, аудан әкімінің атынан мектеп ұжымына алғысхат табыстады.

15

«Қайырлы күн, "Сәулет" мектеп лецейінің ұжымы, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп қызметкерлері, ата-аналар, қонақтар, оқушылар және осы мектептің түлектері. Баршаңызды осы «Сәулет» мектеп лецейінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетовтің атынан шын жүректен баршаңызды құттықтаймын. Осы шараны ұйымдастырып отырған Аққаным Талапқызы сізге және сіздің ұжымыңызға мың алғыс, ауызбіршілігіңіздің арқасында білімді де білікті балаларға беріп жатқан тәрбиелеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Алып жатқан білімдері өздеріне азық болсын демекпіз. Бірлік бар жерде, тірлік болатыны анық. Тек биіктен көріне беріңіздер. Осындай сара жолды салып берген Бақтығұл Жұмажанұлына да ризашылығымызды білдіреміз. Аталмыш мектеп лецейдің түлектері бүкіл Қазақстанды жаулап алуда. Еліміздің әр жерінде оқып немесе жұмыс жасап жатыр. Алдағы жиырма жылда бүкіл әлемді жаулап алуға шын жүректен тілектеспін»,- деді аудан әкімінің орынбасары Талғат Асқарұлы.

12

Аталмыш мерекелік кеште мектеп оқушылары өз өнерлерін паш етті. Мұғалімдер де өнерлерін көрсетіп көрерменнің қошеметіне бөленді. Шара ұстаздар хорымен жалғасын тапты.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале