21.10.2022, 15:00
Оқылды: 72

Құтқарушыларға құрмет

Бүгін Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Құтқарушылар күніне орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерін қабылдады.

22

Аудан әкімі  1995 жылы 19 қазанда Төтенше жағдайлар қызметі құрылып, ол күн Құтқарушылар күні ретінде аталып келетінін айтты. Төтенше жағдайлардың алдын алуда, тілсіз жаумен күресуде жедел әрекет етіп, әрбір басқан қадамының қауіптілігіне қарамастан, халықты құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау жолындағы еңбектері үшін алғыс білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

23

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Арман Қыдырсихов,  төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Ерболат Сайлыбаев, 14 сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ербол Кәкімғалиев, 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Абзал Саматовқа алғысхат табыс етілді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале