Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай «Әлем таныған Әуезов» атты аудандық байқау өтті. Жазушының шығармаларын іздеп жүріп оқитын оқушылар санының көптігі бір қуантса, екіншіден байқауға ерекше дайындалып келгендіктері сүйсінтті.
Қатысушылар байқау талабына сай жащушы шығармаларын жатқа оқыпр, бақ сынасты. Нәтижесінде I орынға Ә.Бисенғалиева (А.Тихоненко атындағы ЖОББМ), II орындарға И.Серік (Шыңғырлау ЖОББМ) және Г.Сағидуллиева (Қуағаш НОМ) ие болса, III орынды Г.Қуанышқалиева (Л.Қылышев атындағы ЖОББМ) мен Ш.Санат Шахназ (Тасмола ЖОББМ) бөлісті.
Байқау барысында оқушылар Мұхтар Әуезовтың шығармасынан сахналық қойылымдар қойып тәнті етті. Көрермендер I орынға ие болған Ащысай мектеп-бөбекжай-балабақша кешен ұжымына, II орынға көтерілген Шыңғырлау ЖОББМ-не, III орыннан көрінген А.Тихоненко атындағы ЖОББМ қатысушыларына ерекше сүйсіне қол соқты.
Шара барысында «Үздік кейіпкер» аталымымен И.Қалиев,«Үздік сахна шебері» аталымымен М.Сапар,«Үздік актер» аталымымен Г.Сапарова және Б.Жұбатқан марапатталды. Бұған қоса «Үздік сахналық киім» аталымы да ұмыт қалмай Ащысай мектеп-бөбекжай-балабақша кешені де орынды марапатқа ие болды.
Шымылдық жабылар алдында барлық қатысушыларға алғысхаттар мен естелік блокноттар сыйлыққа табысталды.
Г.Шынтас,
Шыңғырлау ауданы