Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері әдеттегідей қырағы екендіктерін тағы да дәлелдеді.
5517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері күндегіше Орал қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жауынгерлік қызметтерін орындап жүрді.
20 қазан, сағат 19.35 шамасында патрульдік топ бастығы кіші сержант Айбек Шаяхметов және патрулші қатардағы жауынгер Серікболсын Ихсанов, қатардағы сарбаз Думан Қайыпбайға Орал қаласының бір мөлтек ауданында қарсы келген белгісіз азамат күдік туғызады.
Жақындай келе азаматты тоқтатып, әскери топ бастығы кіші сержант Айбек Шаяхметов өзін таныстырып, сырттай тінту жүргізеді. Тінту барысында күртешесінің қалтасынан 5.45 мм және 7.62 мм 2 оқ-дәрі тәркілейді.
Әскери жасақ бастығы оқиғаны дереу кезекшіге баяндап, күдіктіні Орал қаласының ішкі істер басқармасына жеткізді.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.
Қоғамдық тәртіпті атқару кезінде қырағылық танытқан әскери қызметкерлер, бөлім командирінің құқығымен марапаттауға ұсынылды.
Капитан Ертуған Әубакир,
Орал қаласы