22.10.2022, 12:30
Оқылды: 69

Жақсылық жасап жарысайық!

Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы жақсылық жасайтын жандардың қатары көп.

IMG_1225

Осы орайда Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және Ұзынкөл ауылдық мәдениет үйі бірлесіп, «Жүрегімде жақсылық» атты қайырымдылық концертін қойды.

Кештің шымылдығын Ұзынкөл ауылының әкімі Бекежан Шарафутдинов пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мөлдір Әбдірешова ауыл тұрғындарына деген жүрекжарды тілектерімен ашып берді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Абдолова мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев кеш қонағы болды.

IMG_1254

Сонымен қатар сахнаға қайырымдылық жәшігі қойылып, кеш барысында көрермендер қаржылай көмек көрсетті.

Концерт ұзынкөлдік биші қыздардың «Мама» биінен бастау алып, артынша трионың орындауында «Жақсы адамдарым» әніне кезек берілді. Өз кезегінде Жаснұр Әмірғалиев пен Ақбота Ерғалиева «Диалог» әнін, Асылан Боранбаев «Елге сағыныш» әнін нақышына келтіріп жеткізді. «Жәнібек жастары» би тобы «Жастар» биін биледі. Қазақтың қара домбырасын серік еткен Ерданат Серіков «Жігіттерге өсиет» термесін орындап, көрерменнің көңілінен шыға білді. Сонымен қатар ол Дамир Зейнуллинмен бірге «Адай» күйін де тамаша орындады. Облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Дияс Бейсов гитарамен «Казахстан это родина моя» атты өз туындысын шырқап берді. Сондай-ақ жәнібектік бір топ әнші жастар гитараның сүйемелдеуімен бірқатар әсем әндерді шырқап халықтың көңілін көтерді. Өз кезегінде Халықаралық өнер мен білім фестивалінің бірінші дәрежелі лауреаты атанған «Көзайым» би тобы «Өзбек», «Үнді» билерін мыңа бұрала билеп, концерттің шырайын кіргізді. Әрі қарай Жаснұр Әмірғалиев «Ана», Айнар Нұртаева мен Әсемгүл Князева «Аппағым», Қажымұқан Хамидолла «Ямахау», Қабілет Асанов «Жақсылық жасап жарысайық» әндерін орындады. Кешті Асылан Боранбаев пен Қажымұқан Хамидолла «Өз елім» әнімен мәресіне жеткізді.

IMG_1369

Жақсылыққа жаны құштар жандардың арқасында 56 мың теңге қаржы жиналды. Бұл қаржы ұзынкөлдік Гүлнұр Әлиеваға табысталатын болады.

Көрермендер арасынан ауыл тұрғыны Жаңылсын Есенқызы сөз сөйлеп, өнерпаздар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале