«Мерейлі отбасы» ұлттық отбасылық байқауының аудандық кезеңі мен облыстық кезеңінен сүрінбей өтіп, республикаға жолдама алған казталовтық Меңдіхан Халықұлының отбасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен байқауда облыс намысын қорғап, бақ сынады.
Өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды иммиджін қалыптастыру мақсатында өткен отбасылық конкурс қорытындысы бойынша Меңдіхан Халықұлы отбасы 1 миллион теңгелік сертификат пен естелік сыйлықтарға ие болды.
Еліміздің 20 аймағынан барып бақ сынаған байқауда Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап, отбасылық жарастықтың жарқын үлгісін көрсете білген жерлестеріміздің мерейі асқақ, мәртебесі биік болсын!
«Ауыл айнасы» аудандық газеті,
Казталов ауданы