22.10.2022, 15:45
Оқылды: 110

Берекелі жәрмеңке

Бүгін «Сәбен» шағын маркетінің жанында Жаңақала аудан әкімдігі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күні және ауыл шаруашылығы күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағаны өсірмеу, халыққа әлеуметтік көмек көрсету туралы тапсырмасын орындау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

2

Жәрмеңкеге 9 ауылдық округтен келген кәсіпкерлер сапасы жоғары, экологиялық таза өнімдерін ұсынды. Ауыл тұрғындарына сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қызанақ, қияр, асқабақ), жемістер, балық және өзге де қажетті азық-түлік өнімдері мен бірге мал азығы (бағасы 5000 теңге) сатылымға қойылды.

3

Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің барлығы да нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан болды. Тұтынушылар саны көп болып, тәртіп қатаң сақталды.

4

Ауылдастар өзіне қажетті затты сатып алу үшін кезекке тұрып, дорбасын азық-түлікке толтырып қайтты.

1

Сондай-ақ аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары әсем әнін арнап, саудаға келген тұрғындардың көңілін көтерді.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале