28.10.2022, 16:15
Оқылды: 52

Қазақстанда теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары ставка көтерілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бүгін, 27 қазаннан бастап теңгедегі депозиттер бойынша максималды ставканы ұлғайтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp Image 2022-10-27 at 14.40.32

Қордың мәліметінше, Ұлттық банк базалық ставканы көтеруіне байланысты қазан және қараша айлары үшін мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді ұлғайту туралы шешім қабылданған.

Депозиттер бойынша жаңа ставкалар 27 қазаннан бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті 27 қазаннан бастап базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтеру жөнінде шешім қабылдады. Шешім инфляцияның жеделдеуіне және бағаның өсуі біздің болжамды бағалауымыздан едәуір жоғары қалыптасуына байланысты қабылданған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале