Қария - елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршы болу деген сөз. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар ауыл-аймақтың кеңесшісі. Жәнібек ауданының әр ауылында осындай үлкендеріміз бар.
Кешелі бері аудан әкімі Азамат Сафималиев ауылдардағы қариялармен кездесіп жүр. Бүгін де аудан басшысы Ақоба, Тау және Қамысты ауылдарына барып, қарттарымыздың жағдайларын біліп қайтты.
Жайылған ақ дастархан басында түрлі тақырыпта әңгіме өрбіді. Сонымен қатар А.Сафималиев алдағы келе жатқан саяси науқанды айтып, оның маңыздылығына тоқталды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz