Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев Қариялар күні мен қайырымдылық айы аясында Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл мен Күйгенкөл ауылдық округтерінің қарияларымен кездесті.
Кездесуде аудан басшысы ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналардың хал-жағдайын сұрасып, ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта өтетін науқан жөнінде сөз қозғалып, жалпы ауылдың жағдайы айтылды. Өз кезегінде ауылдың қарттары А.Сафималиевтің арнайы келіп, жағдайларын біліп жатқанына ризашылықтарын білдірді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz