1.11.2022, 10:00
Оқылды: 23

Төтенше жағдайлар вице-министрінің БҚО тұрғындарымен онлайн-кездесуі өтті

2022 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен онлайн форматта кездесіп, азаматтарды қабылдады.

WhatsApp Image 2022-11-01 at 10.34.48

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, тұрғындар мен халық өкілдері қатысты.

IMG-20221101-WA0008

Вице-министр Министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындылары туралы хабардар етіп, ТЖМ бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

IMG-20221101-WA0012

Кездесу барысында азаматтық қорғау саласындағы түрлі мәселелер қаралып, толық жауап берілді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Тұрарбек Тілемісов ТЖМ басшылығына алғысын білдіріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрқашан өзекті болып қала беретінін, ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі келіп, тиісті міндеттер қойған Қостанай облысындағы өрттен кейін бұл мәселелерді шешу бақылаудың жаңа деңгейіне шығарылғанын атап өтті.

Кездесу соңында вице-министр генерал-майор Марат Күлдіков Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау саласындағы мәселелерді халыққа түсіндіру бойынша одан әрі жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы міндеттер қойды.

WhatsApp Image 2022-11-01 at 10.34.46

Еске сала кетейік, онлайн кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» № 863 Жарлығын іске асыру жоспарының 6-тармағының 3) тармақшасын орындау шеңберінде өткізілді.

Альфия Шамаева,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале