1.11.2022, 19:55
Оқылды: 52

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев әкімдіктің мәжіліс залында мәдениет саласы қызметкерлерін қабылдады.

Мәдениет қызметкерлері2.jfif

Кездесуде сөз алған аудан басшысы Қ.Орынбасарұлы:
– Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны жас ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады. Еліміздің өркендеп өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер! Сіздердей зиялы қауым, өнер адамдарын құрметтей отырып, біз жастарды тәрбиелейміз. Баршаңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын демекпін, - деді.

Басқосуда мәдениет саласының тұрақты дамып, өркендеуі жолында сіңірген абыройлы еңбегі, елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін аудандық мәдени-демалыс орталығының көркем өнерді дамыту жөніндегі маманы Қуаныш Сәлменұлы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Одан бөлек БҚО-ның «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісіне Қаракөл ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Ербол Газезұлы, аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Аяжан Құдайбергенқызы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапты өңдеу және толықтыру бөлімінің меңгерушісі Жаңылдық Смағиллақызы, Қоскөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлнәр Әлімжанқызы ие болды.
Жиын соңында марапат иелері сөз алып, алғыс білдірді.

Райымбек Абай, 

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале