2.11.2022, 14:45
Оқылды: 56

«Заң керуені» акциясы өтті

Бәйтерек ауданы Переметный ауылында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық прокуратура бірлесіп, облыстық басқарма басшыларының қатысуымен, аудан әкiмi Марат Тоқжановтың төрағалық етуімен «Заң керуені» акциясы өткізілді.

WhatsApp Image 2022-11-02 at 12.27.32

Оған облыстық мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты мамандар, аудандық мекемелер және дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан тұрғындары қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты - жергiлiктi жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсiндiру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкiндiгi жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлiн iске асыру, елдегі қауiпсiздiк пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жiгерiн бiрiктiру болып табылады. Осыған орай бүгiнгi жиында халыққа жедел құқықтық көмектер керсету, кұқықтық мәдениет деңгейін көтеру бағытындағы бірнеше мәселелер талқыланды.

WhatsApp Image 2022-11-02 at 12.27.33

Аталмыш шараға облыс прокуратурасының, БҚО әкімдігінің, БҚО әділет департаментiнiң, БҚО полиция департаментiнiң, БҚО кәсіпкерлер палатасының, БҚО мәслихатының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментiнiң, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнiң, БҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау департаментiнiң, БҚО жер ресурстарын басқару департаментінің, облыстық денсаулық сақтау, кәсiпкерлiк және индустриялдық-инновациялық даму, еңбек инспекциясы, ауыл шаруашылығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалының қызметкерлері қатарынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселе «Заң керуені» акциясы аясында ведомствоаралық жұмыс тобының қатысуымен құкықтық түсiнiк жұмыстарын жүргiзу болды.

WhatsApp Image 2022-11-02 at 12.27.32 (1)

Бәйтерек ауданының прокуроры Қазбек Жеткергенов баяндамасы тыңдалды. Одан әрі сөз кезегі облыс прокурорының аға көмекшiсi Равиль Мажитов мен облыс прокурорының бiрiншi орынбасары Александр Цуранковке берілді. Күн тәртiбiндегi мәселе бойынша жұмыс тобынын мүшелері сөз сөйлеп, түсініктер береді. Аудан тұрғындары да өз кезегінде сұрақтар қойып, жауаптарын алды, жеке сұрақтар да тыңдалды.

Ерназар Амангелдіұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале