3.11.2022, 9:45
Оқылды: 38

Польша Ресеймен шекарада қоршау тұрғыза бастады

Кеше Польша билігі Ресейдің Калининград облысымен шекарасын уақытша қоршауды бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9df3cad5808c4827bc5442b5b85f3be1

ТАСС агенттігінің мәліметінше, қоршау үш қатар тікенді сымнан тұрады. Оның биіктігі 2,5 метр, ені 3 метр болады.

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блащактың айтуынша, бұл әрекетке Ресейдің Калининград облысының әуежайын Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келетін ұшақтарға ашқаны түрткі болды, бұл миграциялық қысым қаупін тудырады.

Министр Польша – Беларусь шекарасында тосқауыл қою тәжірибесі бұрыннан бар болғандықтан, жұмыс жылдам жүргізілетінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале