3.11.2022, 17:30
Оқылды: 45

Қазақстан мен Қатар арасында әуе рейсінің саны көбейеді

 Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Қатар арасында ұшақ күнделікті қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

katar

2023 жылы 3 қаңтардан бастап қатарлық авиакомпания Алматы және Доха қалалары арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Екі ел арасында ұшақ күнделікті қатынайтын болады.

Әуекомпания 2023 жылы көктем мен жазда Астана мен Доха арасында рейс ашуды жоспарлап отыр.

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Қатар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале