Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
2023 жылғы 3 қаңтардан бастап Qatar Airways катарлық авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр.Азаматтық авиация комитеті
Осылайша екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады.
Сонымен қатар Qatar Airways әуекомпаниясы 2023 жылғы көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстан мен Қатар астаналары – Астана мен Доха арасында ұшуларды жоспарлап отыр.