20 қарашада елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазіргі таңда 6 кандидаттың жақтастары үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар халықпен кездесулер, әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы кандидаттарды қолдауға, азаматтарды дауыс беруге шақыруда.
Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдау жөніндегі Казталов аудандық штаб мүшелері «Ерген» шаруа қожалығы базасында Казталов ауылдық округінің шаруаларымен кездесті.
Экспромт кездесуде штаб мүшелері шаруаларға Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz