4.11.2022, 10:08
Оқылды: 25

Әйелдерге қатысты мәселелер қаралды

Әйел-аналардың денсаулығы, ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы, шағын бизнес саласындағы әйел кәсіпкерлердің белсенділігі, арнайы есепке алынған азаматшалардың тәртібі және тағы басқа да мәселелер қаралды.

IMG-20221104-WA0025

Бұл мәселелер аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиевтің төрағалығымен өткен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысына тақырып болды. Аудандық аурухананың акушер-гинекологі Күләнда Абдулова аудан бойынша аналар мен балаларға көрсетілетін медициналық қызмет, ана мен баланың өлімін азайту бағытындағы іс-шаралар мен жоспарлар турасында айтып өтті. Бас акушердің айтуынша, демографиялық көрсеткіште өзгеріс бар. Өткен жылы 213 бала дүниеге келсе, биыл 208 сәби дүние есігін ашқан.

- Әлі болса да жүкті аналарымыз тіркеуге кеш тұруын қояр емес. Басқа-басқа педагогтарымыздың да уақтылы есепке тұруға асықпай, болашақ сәбиінің де, өзінің де денсаулығына немқұрайлы қарайтыны қынжылтады. Сауатты деген адамдарымыз осылай болса, басқаларынан не күтеміз?- дейді Күләнда Ұзақбайқызы.

IMG-20221104-WA0029
Ал аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Исатай Оз 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Ұлттық жобаның" орындалуы, соның ішінде әйел адамдармен жүргізілген жұмыстар туралы баяндаса, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Арсен Фазыл ішімдікке салынып, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін азаматшалар туралы мәселе көтеріп, жүргізілген профилактикалық жұмыстар жайында баяндады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аслан Бижанов БАҚ беттерінде гендерлік тендік стратегиясын іске асыру барысында материалдарды жарияланымы туралы мәлімдеме жасаса, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ерлан Нүркенов кәсіпкерлік саласындағы әйел адамдардың жетістігін айтып көрсетіліп жатқан қолдаулар турасында мәлімет берді.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале