«Қазіргі уақытта Қор ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған кешенді трансформациядан өтіп жатыр. Осы тұрғыда басты бағыттардың бірі - «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік активтерін жекешелендіру. Ұлттық мұнай компаниясы, әуе тасымалдаушысы және теміржол компаниясы сияқты Қордың ең ірі активтері жақын арада жария болады. ҚазМұнайГаз - біздің ұлттық мұнай чемпионымыз осы күзде Қазақстанда IPO өткізеді», деді Президент.
Айта кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысы дипломатиялық корпуспен кездесулерді екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жақсы дәстүр деп атады.