4.11.2022, 16:30
Оқылды: 67

«Заң керуені» Теректіге келді 

Республика көлемінде бастау алған «Заң керуені» облыс көлемінде жалғасын тауып, бүгін Теректіге келді.

IMG-20221104-WA0014

Жергілікті жердегі халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту — акцияның басты мақсаты.

Мәдениет үйінде өткен жиынға аудан тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, әр сала қызметкерлері куә болды. Алдымен аудан әкімі Тілек Габдушев келген меймандармен таныстырды. Жиналысқа облыс прокурорының бірінші орынбасары Александр Цуранков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Амантай Рашқалиев, облыс прокуратурасының басқарма басшысы Равиль Мәжитов қатысты.  

IMG-20221104-WA0030

Теректі ауданының прокуроры Қуаныш Мұстафин сөз тізгінің алып, акцияның мән-маңызын түсіндірді. Ал облыс прокуратурасының басқарма басшысы Равиль Сидағатұлы алаяқтықтан сақтану жолдарын ескертті.

-Қазіргі дамыған заманда ғаламтор алаяқтары жетерлік. Оған қоса түрлі қаржы пирамидалары бар. Әлеуметтік желіде келген түрлі сілтемелерге өтіп, өзіңіз жайлы мәліметтерді енгізудің қажеті жоқ. Оған қоса банк карталарының сандары да еш жерде көрсетпеңіз. Алаяқтар сол сан арқылы барлық ақшанызды шешіп алуы мүмкін, — деді өз сөзінде.

IMG-20221104-WA0025

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жиын одан әрі тұрғындардың сауалдарына жауап берумен жалғасты. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Александр Цуранков пен аудан әкімі Тілек Александрұлына келген көпшіліктің қарасы қалың. Айталық, Подстепный ауылының тұрғыны С.Есенбеков қаржы мәселесін көтерсе, долиндық С.Ерғалиев көлік, Покатиловка ауылының тұрғыны Г.Ихсанова баспана мәселесін шешуді сұрай келіпті. Теректі ауылының тұрғыны А.Дощанова үйіне жақын орналасқан электр бағаналарының қауіпін айтып, оны алып тастауды сұрады. Лауазымды тұлғалар барлық тұрғындардың өтініштерін тыңдап,  шешу жолдарын қарастырылатынын тілге тиек етті.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале