7.11.2022, 9:15
Оқылды: 77

Бір айда үш өлім

Бір ай ішінде өңірімізде қасақана адам өлтіруге қатысты үш дерек  тіркелді. Шыны керек, ай-күннің аманында кісі қолынан адам өліп  жатқанын естігенде төбе шашың тік тұрып, жаның түршігеді. Бір  шүкірлігі, осы күні үш ауыр қылмыс ашылды. Күдіктілер қолға түсіп,  тергеу жұмысы жүргізілуде. 

httpspenza-post.ruuploadsKseniyaKNovemberDecember1450349493_18

Алғашқы қылмыс қазан айының 11-і күні Ақжайық ауданында орын алды. Кешкі сағат 8:00 шамасында аталған аудан орталығындағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан үйде 1957 жылы туған азамат кенеттен туындаған жанжал кезінде 1980 жылғы С. деген жігітке пышақ салған. Алған жарақаты салдарынан С. «Жедел жәрдем» көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды. Осы күні мәйіт сот-медициналық сараптама өткізілу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жеткізілген. Ал қылмысқа барған күдікті  ҚР ҚПК-ның 128-бабы бойынша Ақжайық аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалыпты. Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Екінші кісі өлімі қазанның 17-сі күні Сырым ауданына қарасты Қоңыр ауылында болды. Аталған ауылдың Еслямғалиев көшесінде орналасқан үйде 1986 жылы туған И. есімді азамат пен  1947 жылы туған әкесі спирттік ішімдік ішіп отырып, сөзге келген. Сотқар ұл әкесін соққыға жығып, сабап тастапты. Қария алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнына барған құқық қорғаушылар жәбірленушінің бетінде қанталаған іздер барын анықтаған. Мәйіт сотмедициналық сараптама өткізілу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жеткізіліпті. Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізілуде.

Ай соңына қарай Ақжайық ауданында тағы бір кісі өлімі орын алды. Қазанның 26-сы күні  01:00 уақытында Чапаев ауылындағы Есенжанов көшесінде орналасқан үйдің ауласында 1971 жылы туған Г. деген азамат кенеттен туындаған жанжал барысында 1996 жылы туған Х.-ның жүрек тұсына пышақ салған. Алған жарақаты салдарынан Х. Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жетпей қайтыс болды. Аталған жағдай бойынша тергеу амалы басталды.

Бізге белгілі болғанындай, қайтыс болған азамат полиция қызметкері екен. Еліміздегі интернет басылымдарының біріне шыққан ақпаратта Х. есімді азаматтың әпкесі оқиға қалай болғанын айтып берген.

Г. есімді марқұмның әпкесінің сөзінше, сол күні  Х. досының үйіне моншаға барып, жуынып-шәйініп болған соң, танысының ауласында такси күтіп тұрыпты. Сол кезде оған бейтаныс адам келіп, үйінің терезесін қаққанын, қақпағанын сұрапты. Ал Х. оған ештеңе естімегенін айтыпты.

Осы шақта бейтаныс адам жанжал бастаған. Содан кетіп қалып, пышақ алып келген күдікті дауды жалғастырыпты. Х.-ның қасында досы мен оның күйеу баласы болған. Олар жанжал шығарған мас адамды тыныштандыруға тырысқанмен ештеңе шықпаған. Ал күдіктінің қолындағы суық қаруды алуға тырысқан кезде ол Х.-ға жарақат салыпты. Әрі қарай оқиғаның қалай болғаны белгілі.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале