7.11.2022, 10:30
Оқылды: 376

Жаңақала – қайырымды жандар мекені    

Жаңақала ауданында көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде 10 айда шаруа қожалығы жетекшілеріне 803,6 миллион теңге субсидия төленіп, түрлі несиелік ұйымдар арқылы 607,1 млн теңге жеңілдетілген несие берілген. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 12,0 млрд теңгені құрап, тартылған инвестиция көлемі 366,2 млн теңге болған. Бұл туралы Жаңақала ауданының әкімі Дархан Закарин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Жанакала

Жалпы аудан бойынша 2022-2023 жылға қажетті мал азығының  жоспары 186,4 мың тонна болса, орындалуы 110,4 пайызды  құрап отыр. Бұл – мал азығы толыққанды жет-кілікті, қыста аса керім қауіп жоқ деген сөз. Аталмыш аймақта жер мәселесі өте өзекті екені жалпыға мәлім. Шаруа қожалығын ашып, мал өсіріп, атакәсіппен айналысқысы келетін жастар жер ала алмай қынжылып жүр. Бұл бағытта халықтың жанайқайын естіген аудан басшылығы да қол қусырып қарап отырмай, бірқатар нақты жұмысты қолға алды. Ағымдағы жылы аудан әкімінің өкімімен құрамына прокуратура, жергілікті атқарушы құрылым, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым мүшелері кіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы сәуір айында барлық ауылдық округті аралап, мән-жайды саралап, шаруа қожалығы басшылары және жеке тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 9 ауыл шаруашылығы тауар өндіруші өздерінің пайдаланбай келген 19 мың гектар жерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарған. Қайтарылған жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарының қоғам-дық жайылымдарына берілетін болады.

– Күні бүгінге аудан бойынша 22 елді мекеннің 12-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Аудан тұрғындарын орталықтандырылған таза ауыз сумен қамту деңгейі 91%-ды құрап отыр. Қазіргі уақытта, ауылды Жаңақала топтық су құбырына қосу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Ал көгілдір отынмен қамту көрсеткіші  95%-ды құраса, аудандағы 22 елді мекеннің 16-сы табиғи газбен қамтылған. Сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында 3 қабатты 21 пәтерлік және көпбалалы отбасыларға арналған 2 пәтер-лік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қазіргі таңда 3 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, 2 пәтерлік 20 тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жыл ішінде аяқталады. Биыл «Ауыл – ел  бесігі» бағдарламасы аясында Мәстексай ауылында 150 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталды. Жоба құны – 270,0 млн теңге. Құрылыс нысанын жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. Бұдан бөлек Чапаев – Жаңақала – Сайқын облыстық маңызы бар аутомобиль жолының 130-191 шақырым (61 шақырым) жол учаскесін қайта жаңғырту басталды. Жобаның жалпы құны – 15,0 млрд теңге (күні бүгінге 9 шақырым жол  салынды). Ашығын айтсақ, 9 ауылдық округтегі кірме жолдардың барлығы да күрделі немесе орташа жөндеуді қажет етеді. Бұл мәселе жыл сайын халықпен есептік кездесулерде көтеріліп келеді. Күрмеуі көп күрежол мәселесін  шешу мақсатында аудандық бюджет есебінен бес ауылдың кірме жолдарын жөндеуге жобалық-сметалық
құжаттары жасақталды. Қа-зіргі уақытта Көпжасар және Пятимар ауылдарының кірмежолдарын салуға республикалық бюджеттен 565,9 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстары 2022-23 жылдарға жоспарланып, биыл басталды.

Ауданда жастар саясатымен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық айналысады. Бүгінгі таңда аудан халқының 24,6 пайызын 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 130 жас қамтылып, 100 жас (31,215 млн
теңге) көтермеақы алса, 30 маман (137,835 млн теңге) жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. «Қайтарымсыз грант» бағдарламасы аясында 33 жас грант (40,4 млн тг) алды. Қоғамдық жұмысқа 76 жас жолданса, «Жасыл ел» еңбек жасағына 90 жас тартылды, – деді  аудан басшысы Д. Әмірханұлы.

Кейінгі жылдары Жаңақалада туып-өскен еліне, алтын бесік ауылына жақсылық жасайтын, оның ажарының айшықтала түсуіне атсалысатын азаматтардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. 2022 жылдың ішінде қайырымды жандар немесе меценаттар көмегімен 18 жоба жүзеге асқан. Ірілерін атап айтсақ, Жаңақала ауылының 40 жылдық мектеп түлектері 1,8 млн теңгеге  аудан орталығындағы саябаққа «Ту тұғырын» орнатса,  Жаңақазан ауылындағы М. Жүнісов атындағы орта мектептің 1982 жылғы түлектері 1,5 млн теңгеге  ойын-сауық балалар саябағын және 1985 жылғы мектеп түлектері 1,0 млн теңгеге спорт алаңын салды. Сондай-ақ Пятимар ауылының мектеп түлектері мұқтаж отбасыға баспана сатып алып, сыйға тартса, жаңажолдықтар 1,5 млн теңгеге ауыл балаларына ойын алаңын тарту еткен.

Алтынбек Ермекқали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале