7.11.2022, 14:30
Оқылды: 46

Оралда автокөлік қағып кеткен 44 жастағы әйел ауруханада көз жұмды

Оралда автокөлік қағып кеткен 44 жастағы әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

221107144451339e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 қараша күні түнгі сағат 22.00-де Зачаган кентінде болды.

«28 жастағы жүргізуші «Лада 212140» автокөлігімен Е.Брусиловский көшесімен келе жатып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1978 жылғы әйелді қағып кеткен. Салдарынан ашық бас-ми жарақатын алған әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғанымен, есін жия алмастан қайтыс болды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласындағы көпірде бес автокөлік соқтығысып, кептеліс болғанын жазған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале