ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев бүгін оралдық студенттермен кездесті.
Суретке түсірген: Ажаргүл Алиева
Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында үміткер өз бағдарламасында қазақстандықтардың өмір сапасының стандартын енгізуді көздейтінін айтты. Партияның мақсат-мүддесіне тоқталып, сайлауалды бағдарламаны таныстырды.
Суретке түсірген: Ажаргүл Алиева
Үміткердің айтуынша, басты назарда халық жағдайы тұруы тиіс.
Нұрлан Әуесбаев бұған дейін Ақтөбе, Ақмола облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізген.
zhaikpress.kz