Ел арасында «Су бағасы неге ала-құла?» деген әңгіме жүр. Халықтың сауалы бойынша «Сырым» МКК-не жолықтық.
Суреттің дереккөзі: egemen.kz
-2022 жылдың 1 шілдесінен бастап «Сырым» МКК бойынша 1 текше метр судың бағасы – 473,11 теңге болып бекітілді. Алайда, тіршілік нәрі аудан тұрғындарына субсидиялау арқылы арзандатылып берілуде.
БҚО мәслихаттың 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №234 қаулысына сәйкес суды есептегіш құралдары арқылы пайдаланатын тұтынушылар 1 текше метр суға 90 теңгеден төлейді. Бірақ су пайдалану көлемі тәулігіне 1 адамға 140 литрден аспауы тиіс. Яғни, айына 4,2 текше метр. Көлем бұл межеден асқан жағдайда, субсидияланбайды. Ақы толық көлемде 473,11 теңге болып төленеді, – дейді аудандағы су таратушы мекеменің директоры Тұрарбек Нұрғалиев.
Міне, баға осы себепті әртүрлі. Ал, суды есептегіш құралдарынсыз тұтынатын тұрғындар 1 текше метр суға 200 теңге төлейді. Көлем тәулігіне бір адамға 80 литр, ал айына 2,4 текше метр болып есептелген.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz