Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет: Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек деп мәлімдеді. "Мен жариялаған «Балалар жылының» аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын», - деген еді.
Фото дереккөзі: ruh.kz
Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол ашылғандығы айтылып және “Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру болып табылатындығы нақтыланды.
Халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық диалог, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару туралы айтылуы да көңіл қуантарлық.
Аталмыш жұмыс жоспары негізінде Ардақ ауылының негізгі білім беретін орта мектеп-балабақшасында өткен кездесуде Президент Жолдауындағы әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екеніне, мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой - беделін арттырудағы жұмыстардың жүргізілуіне, жоғары оқу орындарындағы грант санының өсімі, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, еңбекақы, әлеуметтің талап - тілегін ескерудегі зейнет жасының 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру, т.б. бағдарларға тоқталды. Ұжыммен пікірлескен округ әкімі С.Бркенова, мектеп балабақшасының директоры Л.Қабдығалиева түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.
Сондай-ақ Президент 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатынын айтты. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі.
Жаңа Жолдау елімізді биік белестерге жетелейді деп сенеміз. Әр Жолдаудан үміт күтетін біздер, қоғам үшін басты міндет Президентіміздің бастамаларын жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз.
С.Бркенова,
Шыңғырлау ауданы
Ардақ ауылдық округінің әкімі