15.11.2022, 11:30
Оқылды: 95

Үнемі кітап оқыңыз!

Неге десеңіз, оның үш басты себебі бар:

IMG-20221115-WA0002

Фото дереккөзі: anatili.kazgazeta.kz

1.Жүйелі кітап оқу мидың қартаюын бәсеңдететін көрінеді. Кливленд университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша қазір кітап оқымасаңыз, қартайған кезде есте сақтау қабілетінен айырылу ықтималдығы жоғарылай бастайды. Ерте алжасқыңыз келмесе, кітап оқыңыз. Мені жақын танитын достарым жақсы біледі: мен тарихи оқиғаларды, кейіпкер аттарын және туған-туыс, достарымның туған күнін, телефон нөмірін жатқа білемін. Күн сайын шағын өлең жаттап жүремін немесе бұрынғы жаттағандарымды жадымда жаңғыртамын. Жеке тәжірибемдегі жақсы әдіс.

2. Кітап оқуды бала кезінен дағдыға айналдырған адамның ойлау көкжиегі кең, сөздік қоры мол болады. Оқу кезінде мидың сол жақ самай бөлігі белсенді жұмыс істейді екен. Ол тіл үйренуге, бейімділікке жауапты.

Демек, сіз неғұрлым сапалы әдебиетті оқысаңыз, соғұрлым сауатты боласыз.

3. Кітапты талдап, зейін қойып оқып үйреніңіз. Оқу барысында сіз ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны бағалайсыз. Әңгіме ұнады ма, ұнамады ма, бір оқығаннан ұғынықты ма, жоқ па?  Кейіпкерлер жағдайға сай, заңға сәйкес әрекет жасады ма немесе біртүрлі әрекет етті ме т.с.с. тартыс жасаңыз. Ойланып оқу аналитикалық қабілеттеріңізді дамытады.

Ер адам кітапты жиі оқыса, сөзсіз ұрпағы интеллектуал, көкжиегі кең болады. Жігіттер, жастық шақтың әр күнін оқуға, жаңа нәрсе үйренуге және тек оқып қана қоймай, зердеңізге көп нәрсені тоқуға ұмтылыңыз.

Елдос Тоқтарбай,

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,

Анкара шаһары, Түркия

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале