15.11.2022, 12:00
Оқылды: 64

БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан төрт адам қолға түсті

Ауылдық жерлерде мал ұрлығымен айналысып жүрген 1980, 1985, 1985, 1988 жылғы төрт ер адамды полиция ұстады деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.
Күдіктілер 11 қараша күні «Самара –Шымкент» тас жолында ұсталған. Олардың көлігінен ұрланған жылқының қаңқасы табылды дейді оқиға орнында болған полицейлер.

1

Фото: egemen.kz
Ұсталған адамдар бұдан басқа да ауыр қылмыстар жасаған болуы мүмкін деген күдікке ілінген. Себебі бұл төрт адам облыстық криминалдық полицияның күдіктілері қатарында тіркеуде тұрған.
Күдікті адамдар 11 қараша күні Теректі ауданының Бекей ауылында еркін жайылымда жүрген бір жылқыны ұрлап әкеткен.
Ұсталғандардың бірі тергеу барысында Ақжайық, Казталовка, Теректі аудандарында мал ұрлығымен айналысқанын және 2021 жылдың 18 наурызы күні аймақтағы кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ішінара мойындаған.
«Ұсталғандар Теректі ауданының уақытша ұстау мекемесіне қамалды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігі бойынша тергеу басталды. Бүгінде осы азаматардың бұған дейінгі мал ұрлығына қатысы бар жоғы анықталып жатыр»,- деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале