16.11.2022, 10:16
Оқылды: 44

Хорватия Шенген аймағына кіреді

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Хорватия Шенген аймағына қосылады. Енді мемлекет Солтүстік көршілерімен - Словения мен Венгриямен шекара бақылауын жояды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

5

«Біз, полиция қызметкерлері шекара өткелі аймағынан кетеміз. Бақылау - өткізу пункттері мен басқа да инфрақұрылым объектілері қалады, өйткені шекаралық бақылауды толығымен тоқтатуға болмайды. Алайда, пандустар мен басқа да тексеру объектілері тауарлар мен жолаушылардың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін бөлшектеледі», деді Бреган шекара өткелі бастығының орынбасары Мариян Бурич.

Айта кетсек, Хорватияның Шенгенге енуі Еуроаймаққа кірумен тұспа-тұс келеді.

Бұған дейін Хорватия Республикасының шекарасынан өтетін барлық адам жүйелі тексерістерден өткен. Қазірдің өзінде шекараны 6500 полиция қызметкері күзетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале