2022 жылдың 10 айында елде 4 362 000 көлік тіркелген. Олардың 87,8%-ы жеңіл көліктер болса, 10,2%-ы жүк көліктері, өзге 2%-ы автобустар екен.
"2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 15 092 адам зардап шекті. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апаттар 8,9%-ға көп", – дейді мамандар.
Осы жылдың қазанында сақтандыру компаниялары 68 885 дерек бойынша 35,9 миллион теңге өтемақы төледі.