16.11.2022, 18:00
Оқылды: 41

Биыл еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін 490 шетелдікке грант берілген

Биыл еліміздің жоғары білім беру орындарында оқу үшін 490 шетел азаматына грант берілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

Брифнг барысында 2026 жылға дейінгі жоғары білім берудің басымдықтары туралы айтқан вице-министр жыл сайын бөлінетін грант саны өсіп келе жатқанын атап өтті.

«2022-2023 оқу жылына 88 214 грант бөлінген. Оның ішінде, бакалавриатқа - 73 061, магистратураға - 13 263, докторантураға - 1 890 орын. Бұлардың 60 пайызы немесе 42 303 грант техникалық мамандарға берілген. 10 мың грант Атырау және Маңғыстау облыстарының жастары мен халық тығыз қоныстанған аймақтарға берілген. «Серпін» бағдарламасына 3 653 грант бөлінген.

Одан бөлек, шетел азаматтарына 490 грант бөлінген. Соның ішінде, 150 грант - Орта Азия мемлекеттерінің азаматтарына, 100 орын - Ислам ыңтымақтастық ұйымына кіретін елдердің азаматтарына берілді», - деп мәлім етті вице-министр.

Сонымен қатар, брифинг барысында Қуаныш Ерғалиев алдағы 4 жылда жоғары білім беруді дамытудың басым бағыттарын атады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале