Зашаған кентінің тұрғыны алаяқтан автокөлік сатып алған. Белгілі болғандай, сатушы автокөліктің құжаттарын қолдан жасап, жәбірленушіге жалға алынған автокөлікті сатқан.
Суреттің дереккөзі: vera.kz
Қыркүйек айының соңында 1988 жылғы азаматша 1991 жылғы азаматтан "Хюндай акцент" маркалы автокөлікті 3100000 теңгеге сатып алған. Бірақ біраз уақыттан кейін автокөліктің басқа нақты иесі мүлкін қайтаруын талап етеді. Белгілі болғандай 1991 жылғы азамат бұған дейін Астана қаласында осы көлікті жалға алған, содан кейін ол көліктің құжатын қолдан жасап, сатқан.
Автокөлік қазақстандық есепте тұр, ал сату кезінде алаяқ армян нөмірлеріне техпаспорт жасаған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Алаяқтық).